Қытайда мұнай зауыты жарылып 5 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170710162226171_small.jpg

Қытайда тағы да газ құбыры жарылды. Оқыс оқиға Шандунь провинциясының Линьи қаласында мұнай химиялық кәсіпорнында  орын алды.  5 адам қаза тауып, 89 адам жарақат алған. Олардың 14-і ауыр жағдайда. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жарылыс жергілікті уақытпен сағат 01:00-де болған. Құтқарушы қызметкерлер  жұмыс істеп жатқанда газ құбырынан ақау шығып, жарылып кеткен. Айта кетейік, 3 шілде күні  Қытайдың Гуйчжоу провинциясында газ құбыры жарылған еді. Ол кезде сегіз адам мерт болды. 35-і жараланған болатын. 

 

Қатысты Мақалалар