Флорида штатының тұрғыны Аллан Данн әлеуметтік сақтандыру жарналарын алып отыру көз жұмған әйелінің мәйітін сегіз жыл бойы мұздатқышта сақтаған. Тіпті тамыр-таныстарынан да әйелінің қаза тапқанын жасырып келген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Аллан Данның әйелі Маргарет Данн 2002 жылы қайтыс болған. Оның мәйіті ері дүние салғанға дейін сегіз жыл бойы мұздатқышта жатқан. Сегіз жылда Аллан Данн мемлекеттен әйеліне тиесілі 92 мың доллар жәрдемақы алыпты.
Бұл оқиға ер адам қайтыс болғанда ғана белгілі болған. Ал ерлі-зайыптылардың мұрагерлері заңсыз алынған қаражатты қайтару үшін әке-шешелері тұрған үйді сатылымға шығарған.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН