Кеден бекетінің қызметкерлері әйелдің киіп алған киіміне күдікпен қараған. Ол жылы күні тым қалың киініп алған екен.

Арнайы қызмет өкілдері әйелді тексеру кезінде оның киімінің астынан түрлі модельдегі 102 iPhone мен Tissot маркасының 15 сағаты табылған. Барлық тәркіленген заттардың салмағы 20 келіні құраған көрінеді.
Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.