«Аукционға 12,6 гектар жер учаскелері шығарылып, 51 млн. теңгеге сатылды»

/uploads/thumbnail/20170720112942815_small.jpg

Есепті мерзім аралығында облыс аудандарында жерге құқықтарды табыстау мақсатында 4 аукцион өткізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бейбітбек Жайлыбаев айтты.

Б.Жайлыбаевтың сөзіне сенсек, аукциондар арқылы сатылымға аумағы 12,6 гектар жер учаскелері шығарылып, олар 51 млн. теңгеге бағаланып сатылды.

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38 млн. теңгеге артып отыр.

Сондай – ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаның бір бағыты жеке тұрғын үй секторын дамыту болып табылады. Бұл орайда құрылыс үшін бөлінген аймақтарға мемлекет есебінен инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту көзделген.

Оны жүзеге асыру үшін құрылысқа  белгіленген аумақтардағы жерлер мемлекет мұқтажы үшін алынуы тиіс. Бұл шараны дер кезінде жүзеге асыру үшін бірінші кезекте облыстың елді мекендерінің шекаралары Бас жоспарларға сәйкес қайта заңдастырылып бекітілуі керек.

2005 жылдан бастап  жер учаскесінің кезегінде тұрғандар саны 101054 адам о.і. (Тараз қаласында 66372, Байзақта 4146, Жамбылда 5655,  Қордайда 12542, Меркіде 3602, Т.Рысқұловта 2659, Шуда 4603).

Облыс көлемінде биылғы жылы 249 га. жер дайындалып, 2247 учаске саны берілуге дайындалуда.

Жер қатынастарын реттеуді жетілдіру мақсатында атқарылған маңызды шаралар:

- жер нарығын қалыптастыруды жетілдіру мақсатында  облыс аумағында елді мекендер шегіндегі жерлерді жеке меншікке беру кезінде төленуі тиіс төлемақының базалық ставкаларын нақтылап белгілеу жұмыстары атқарылды.

-сауда-саттықтарды өткізу барысында базалық ставкаларға түзету коэффиценттерін қолдану үшін елді мекендер аумағын бағалау аймақтарына бөлу жұмыстары жүргізілді. 

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің толыққанды игерілуін қамтамасыз ету мақсатында жер салығының мөлшерін он еседен асырмай жоғарлату туралы өкілетті органның шешімдері қабылданып, Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

- сол сияқты, 2015 - 2016 жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы босалқы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін айналымға тартуға жататын 30 мың гектар егістік жерлер бар екендігі анықталды.

Ендігі кезекте анықталған босалқы жерлер құрамындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге қолайлы жерлер аграрлық салаға инвестициялар салатын инвесторларға беру көзделуде, - деп ӨКҚ өткен брифингте мәлімдеді Бейбітбек Шындалыұлы.

 

Қатысты Мақалалар