Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында тауар сақталған үлкен қойма өртенді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, "Фараб" ЖШС-ға тиесілі қойма 20 шілде күні сағат 07.17-де өртенген. Компания медициналық мақта, мақта таяқшаларын, майлықтар және т.б. шығарады.