Ресей Сириядағы әскери операцияға 140 млрд. рубль жұмсаған

/uploads/thumbnail/20170720152207579_small.jpg

Ресейдің Сириядағы 2015 жылдың қыркүйегінде бастаған әскери операцияға 108-ден 140 миллиард долларға дейін жұмсаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Яблоко» партиясына сілтеме жасап «Ведомсти» хабарлайды.

Сонымен, Сириядағы ресейлік авиацияның әскери ұшқыштарына кеткен шығын 90-нан 117 млрд. рубльге дейін жеткен. Партияның есептеуінше, 6 млрд. рубльге жуық қаржы 71 «Калибр» зымыранының ұшырылуына кеткен. Ал істен шыққан әскери техниканың құны 11 млрд. рубль болды. 4 млрд. әскерилердің тамағы мен керек-жарағына жұмсалған. Кем дегенде 102 млн. рубль қаржы қаза тапқан әскерилердің отбасыларына берілді. Сирияда қаза тапқан 34 әскердің әрқайсысының отбасына заң бойынша 3 млн. рубль берілуі тиіс.

Өткен жылдың наурызында РБК Сириядағы операцияға Ресей 38 млрд. рубль жұмсады деген ақпарат таратқан.

Қорғаныс министрі РБК мен «Яблоко» басылымының ақпаратын мағынасыз деп есептейді. Оның ойынша, жоғалған ұшақтар мен тікұшақтардың құнын есептеу құр «сандырақ». Себебі, олар Сириядағы операцияға қатыссыз сатып алынған.

Қатысты Мақалалар