Атамбаев: Латын әліпбиіне көшу түркі тілдес халықтардың арасын алшақтатады

/uploads/thumbnail/20170720162336657_small.jpg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев латын әліпбиіне көшу туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның ойынша, латынға көшу түркі тілдес халықтардың арасын алшақтатады, сондай-ақ кедейлікті әлі күнге дейін жеңе алмай келе жатқан Африканы есіне алды.

Өз ойын Атамбаев өзінің бастамасымен Бішкекте өткен «Алтай цивилизациясы және алтай тілді отбасылардың туыстастығы» халықаралық форумы барысында айтты. Президенттің айтуынша, әліпбиді өзгерту жайындағы әр ұсыныстың өзіндік жаңа түсініктемесі бар.  

“Латын - дамыған елдердің алфавиті және ел экономикасының дамуына оң әсер етеді деген пікір бар. Бірақ иероглиф Қытай, Жапония және Кореяның дамуына кедергі келтірді ме? Латынға көшкен Африка елдері кедейлікті жеңе алды ма?" деді Атамбаев.

Сондай-ақ Атамбаев кириллица түркі халықтарын бір арнада тоғыстырған әліпби деп атады.

“Кириллица Совет одағының құрамында болған түркі халықтарын бір мәдени арнада болуға септігін тигізді. Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Әуезов бастаған біздің жазушылар мен ғалымдар өз еңбектерін кириллицада жазды" деді Қырғызстан президенті.

Совет одағы құлаған соң Әзербайжан, Түркіменстан және Өзбекстан латын әліпбиіне көшкен. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латын әліпбиінің стандарттарын жасауды тапсырған.

Атамабаев 21 маусымда қырғыз диаспорасымен кездесуде латын әліпбиіне көшуге қарсылығын білдірді.

Қатысты Мақалалар