Астана қаласында В-Воу бишілері тобы, «Sorea Band» қыздар К-рор тобы өнер көрсеткен, әрі Корея павильонының құрметті елшісі танымал актер Сон Кан Джун қатысқан Корея Республикасының Ұлттық күні аталып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар іс-шараға Сауда, өндіріс және энергетика Министрлігінің тұрақты комиссары Ким Енг Сам, KOTRA (Кореяның сауда және инвестицияларды ықпалдастыру агенттігі) Бас директоры Ким Дже Хонг, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, Корей павильонының комиссары Ким Дэ Сик қатысты.
Ким Енг Сам өзінің салтанатты сөзінде Қазақстан - Корея Республикасынан Орталық Азияға ең ауқымды инвестиция тартқан мемлекет екендігін, Корея Республикасына саяхаттайтын Қазақстандықтардың саны 30 пайызға артқандығын айтты.
Сөз соңында бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017» ХМК павильонын тамашалағандар саны 150 мыңнан асқандығын атап өтті.
«Қазақстанда 100 мыңнан аса этникалық корейлер тұрады. Сондықтан, екі ұлт арасындағы қалыптасқан бауырмалдық мен достық қасиет тарихтан келе жатқан құбылыс деуге болады. Қазақстан Кореяның тәжірибесін белсенді түрде қолданып келеді. Қазіргі таңда түрлі білім беру бағдарламаларының арқасында көптеген студенттер сапалы жоғарғы білім алып келуде. Бүгінгі таңда «таңғы шық елі» әлемдегі ең энерготиімді елдердің бірі болып табылады», - деп атап өтті Ерлан Хаиров.
Мерекелік бағдарламасының ресми бөлімі аяқталған соң сахнада корей ұлтының дәстүрлі жауынгерлік өнері – таэквандо көрсетілді. Бұдан бөлек, көрме қонақтары мен журналисттер үшін атақты корей әртісі Со Кан Джунмен фан митинг ұйымдастырылды.