Бірінші орта салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы 33 жастағы ресейлік Руслан Проводников есімді кәсіпқой боксшы алдағы уақытта болатын Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне қатысты өз пікірін білдірді. Естеріңізге сала кетсек, жекпе-жек ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.
«Менің ойымша, бұл өте қызықты жекпе-жек болады, бокс әлеміне жетпей жүрген жекпе-жек. Әлемдік жұлдыз Канело менің пайымдауымдағы ең керемет боксшыға қарсы шығып отыр. Алдын ала болжау жасау – үлкен қателік және де мен ондай нәрселерге үнемі қарсы боламын. Алайда, менің өз пікірім бар және де ол Геннадийдің соңғы жекпе-жегінен кейін де өзгерген жоқ. Геннадий Головкинді соққыға жығатын боксшы әлі туылған жоқ. Канело өте мықты боксшы және ол өз ісінің шебері, дегенмен, Гена бәрібір одан басым түсіп отыр дегім келеді. Бәлкім Генаның жылдамдығы Канелоға жетпейтін шығар, алайда бұл жекпе-жектің нәтижесі Канелоның соққысы қаншалықты мықты болғандығына және де Генаның соққыларына қанша уақытқа дейін төтеп беруіне байланысты болғалы тұр. Рингте маған қарсы шыққан спортшылар менің бір-екі соққымнан соң дереу естерін жинап алып, кәсіпқой «боксшыға» айнала кететін. Мен үнемі «жекпе-жек көрсетеді» деп айтып жүремін, дегенмен Генаға толықтай сенім білдіремін және қолдаймын», - дейді кәсіпқой боксшы.
Аударған: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру