АҚШ пен Жапония: КХДР-ға қарсы жаңа қадамдар жасау керек

/uploads/thumbnail/20170731152818275_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты Жапониямен және Оңтүстік Кореямен шұғыл дипломатиялық кеңес өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі golos-ameriki-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Токио уақытымен таңертең  Трамп премьер-министр Синдзо Абэмен телефон арқылы сөйлесті. Абэ журналистерге АҚШ президенті де өзі де КХДР-ге қатысты шара қолдануға келіскенін хабарлады.

АҚШ өкілдері Трамптың еңбек демалысында жүрген Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен де байланысуға тырысқанын мәлімдеді.

Абэнің айтуынша, Жапония мен АҚШ қорғаныс және халықтың қауіпсіздік жүйесіне жауап беретін нақты қадамдарды жасамақ.

Айта кетейік, бұған дейін Пхеньян жаңа зымыранның сыналуы Вашингтон мен оның жақтастарына ескерту дегенді айтқан.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли Вашингтонның Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс шақырылымын ұйымдастыруын талап етіп отырғанын айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар