Соңғы жарты жылдағы Қазақстанның экономикалық нәтижелері қайшылықтарға толы болды. Осы уақыт аралығындағы ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) мөлшері 4%-ға өсіп, инфляция көрсеткіші 7-8%-ды құраған. Алайда шенеуніктерге қуануға әлі ерте, мұндай өсімнің ұзақ уақыт сақталатынына күмән келтіретін мәселе бар: ол банк секторы тарапынан экономиканы кредиттеудің тоқырауға ұшырауы болып отыр. Соңғы жарты жылдағы Қазақстан экономикасындағы өзгерістер мен нәтижелер туралы мақаланы kaztag.info-ға сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі ұсынады.
Осы жылдың басталғанына жеті айдың көлемі болды. Алғашқы жарты жылдықтың қысқаша нәтижелеріне тоқталсақ.
Қазақстан экономикасының өсуі Министрліктің статистикалық мәліметтері бойынша, 4,2% құраған. Бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (0,1%) асып отыр. Әрине мұндай көрсеткіш тек сарапшылар үшін ғана емес үкімет үшін де күтпеген жағдай болды.
Қалай болғанда бұл жағдайдың шын мәнінде таңқаларлық екендігі ұлттық экономика Министрлігінің басшысы Тимур Сүлейменовтің 18 шілдеде жасаған мәлімдемесінен де байқалды.
«Соңғы бес жылда ЖІӨ-нің 60%-ы III және IV кварталдардағы экономикалық белсенділіктің өсуі негізінде құралып отыр. Сәселен, 2016 жылы ЖІӨ-нің жалпы көрсеткішінің 1%-ға өсіп, жарты жылда өсім 0,1% ғана болған. Ал екінші жартыжылдықта 2015 жылмен салыстырғанда 1,6%-ды құраған. Сондықтан бастапқы жарты жылдықтағы экономика көрсеткішінің өсуін сақтау үшін ЖІӨ III кварталында 4,1%, IV кварталында 4,3%-ға өсу керек»-деп мәлімдеген болатын Т.Сүлейменов.
Осыған орай мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басты мақсаты өндірістің көрсеткішінің өсуін, инфляцияның мақсаттық деңгейін қамтамасыз ету мен жаңа жұмыс орындарын ашу, елдегі әлеуметтік қалыпты сақтауды жүзеге асырылуы тиіс. Екінші жартыжылдықта ЖІӨ-нің көрсеткішін қандай жұмыстар атқару арқылы сақтау керектігін министр өз мәлімдемесінде айтса да, осы жарты жылдықта Қазақстан экономикасының 4%-ға өсуінің себебін түсіндірген жоқ.
Біріншіден, ЖІӨ-нің көрсеткішінің өсуі 2016 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Қазақстан экономикасының мүлдем өспегенін ескеріп салыстырсақ қана, осы 4%-дық өсімнің белгілі-бір мағынасы болады.
Екіншіден, соңғы бірнеше жылдағы экономикалық өсімнің негізі экспорттың өсуіне тікелей байланысты.
ҰЭМ-нің мәліметінше, бұл көрсеткіш қаңтар- маусым арасында өсіп,37,6%-$19 млрд.-ты құраған. Қазақстандағы шикізат тапшылығын ескеретін болсақ, Қазақстан экономкасына мұндай көрсеткішке жету тек қана мұнай бағасын қымбаттату арқылы жүзеге асырылғандығы белгілі.
Осыған орай ЖІӨ-нің өсуі толық үкіметтің арқасы деп айтуы қиын. Сарапшылардың айтуынша, экспорт мөлшерінің ұлғаюы болмаса, қаңтар-маусым аралығында Қазақстан экономикасы көрсеткіші 4,2%-дан бірнеше есе төмен болар еді.
Егер мұнай бағасы $50 мен одан жоғары деңгейді ұстап қала алмаса, Қазақстан экономикасы тіпті 4%-дан да төмендеп кетуі әбден мүмкін.
Осы жарты жылдықта жүзеге асырылған тағы бір маңызды мәселе- қазақстандық банктердегі жұмыс істемейтін кредиттер деңгейінің күрт өсіп кету проблемасын шешуді қолға алу болды. Ең алдымен Казкоммерцбанк көмекке мұқтаж болды. Тек қана БТА-ға қарыз беруге қатысты жұмыс істемейтін Т2,4 трлн. көлеміндегі кредиті болды. Нәтижесінде БТА-ның Казком алдындағы қарызын мемлекет төледі: Проблемалық кредиттер қорынан Т2,1 трлн. және Т300 млрд. бөлді. ККБ-ні Халық банкі сатып алып капиталына Т185 млрд. құйды.
«Қазақстанда нарықтағы банк қызметтерінде барлық қаржылық көрсеткіштер бойынша ірі қаржы үстемдік -институты пайда болды. Оның үлкен бәсекелістік тудыратыны анық. Сонымен бірге, Халық банкінің тек қана беделді қаржы институты ғана емес екенін ескерсек, бәсекелестік қаупі көбейе түседі»-дейді сарапшы маман.
Алайда, банк секторындағы кредиттерді қалпына келтіру мәселесін үкімет өте кеш қолға алды. Бұл осыдан 10 жыл бұрын жасалуға тиісті шаруалар еді дейді мамандар. Осындай кеш жүзеге асырылған істің салдарынан ЖІӨ жыл сайын 1,5% пен 3%-ға қысқарып отырмақ.
Банктер мемлекет тарапынан уақытылы көрсетілмеген көмектің себебінен өте көп уақыт жоғалтты. Нәтижесінде, банк секторының ірі активтері (T25 трлн 2017 жылдың 1 шілдесіндегі қалыппен)- экономиканың өсу көрсеткіші шын мәнінде артта қалды. Соның салдарынан халық табысы да төмен.
Алайда көңілге үміт ұялататын жағдай, Халық банкінің ұсынған банк секторының қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру бағдарламасының нәтижелері қандай болары белгісіз. Осы бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы банктердің кредиттік белсенділігінің өсуіне, соның нәтижесінде экономикалық көрсеткішкінің жоғарылауына әсер етпек.
Аударған: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру