«Люцифер» антициклоны салдарынан ондаған адам көз жұмды. Сонымен қатар, Италияда ауа температурасының жоғарылауынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Times мәліметіне сүйеніп.
Ауа темпертурасы 40 градустан жоғарылап, бірнеше егіс алқабын зақымдады.
Аталмыш аптап ыстыққа Еуропаға Африкадан келген антициклон әсер етіп отыр. Оған «Люцифер» деген атау берілді.
Айта кетсек, 40 градустан жоғары ауа температурасы 2003 жылдан бері Еуропада тіркелмеген.
Пікір қалдыру