Израильдің Негеве аймағында орналасқан «Рамон» әскери-әуе базасында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Washington Post мәлметіне сүйеніп.
Басылымның дерегіне сүйенсек, оқиға 7 тамыз күні орын алған. Жаттығу кезінде орын алған апатта 43 жастағы ұшқыш көз жұмды, ал екінші ұшқыш ауыр жарақат алған.
Израильдің әскери базасында апаттың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.