Шілде айында Украина $30,2 миллионға мұнай сатып алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net мәліметіне сүйеніп.
Украина шілде айынан бастап мұнайды ирандық контрагенттерден сатып ала бастады. Шілде айының өзінде екі ел арасындағы мұнай сауда айналымы 24 есеге ұлғайған.
Маусым айында Ираннан Украинаға $236 млн. көлемінде мұнай келіп түссе, шілде айында бұл көрсеткіш $5,442 миллионға жетті.
Айта кетсек, Украина 2017 жылдың қаңтар-шілде айларының аралығында 508, 105 мың тонна мұнай шикізатын $213 миллионға импорттады. Оның ішінде Әзірбайжаннан $184 миллионға, Қазақстаннан $17,5 миллионға, Ираннан $5,7 миллионға және басқа да елдерден $6 миллионға мұнай шикізаты импортталды.
Пікір қалдыру