Астанада жол-көлік апатының саны қысқарды

/uploads/thumbnail/20170808185705430_small.jpg

Жол қозғалысы арасындағы жүргізушілердің тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. 

Іс-шара өткізу барысында көлікті мас күйде жүргізіп жол ережесін бұзу, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдық жоғарылатуды, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан  өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ  көлік жүргізушісі телефонмен сөйлесу және тағы басқа-да жол ережелеріне баса назар аударылады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полк қызметімен 72 мыңнан астам ЖЖЕ бұзғандар анықталды. Оның ішінде: жүргізушілермен 68 мыңнан астам жол ережесін бұзғандар, яғни жылдамдықты арттырғандар 2600-ден астам, авариялық ақуал туғызғандар 160-тан астам,  қауіпсіздік белдігін пайдаланбағандар 5000-нан астам, бағдаршамның тыйым салу белгілерінен өткендер 1300-ден астам, көлік жүргізу барысында телефон желісімен сөйлесу 4700-ден астам, белгіленбеген жолдардан өтіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған жаяу жүргіншілердің саны 4000-нан астам.

Қолданылған шаралар нәтежесінде Елордада ЖКО 385-тен 329-ға төмендеуі байқалады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар