Орыстың төл ақшасы девальвацияға ұрына беретін болады. Олай болса Ресей тұрғындарының тұрмыс деңгейі төмендей береді. Шетелдік тауарларды ресейліктерге алу қымбаттай береді. Ресей ұзақ уақыттық дағдарысқа түсті. Бұл дағдарыс 2007 жылдан айқындалды. Содан бері қателіктің үстіне қателік жасай берді. Сонымен, сол жылдары Ресей ең зор қателікке барды. Бұл – жүйелік қателіктер соқпағы еді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен сол қателіктердің бірнеше алғышарттарын келтірейік:
1.Нарықтық либералдық, құқықтық , саяси еркіндік жолынан таю.
2.Империялық әскери – саяси экспансиялық жолға түсу. Батыс елдері (АҚШ пен Европалық Одақ және НАТО) бірлестіктерімен конфронтацияға түсу. Экономиканы милитаризация жолына түсіру. Ресейдің ішкі саясатын тоталдық полицейлік күштік құрылымдардың қадағалау жолына ауысуы. Ресей экономикасы әкімшілік жолмен бағындырылып, әлемдік финанстық-нарықтық принциптерге жүгінбеу.
3. Ресей идеологиясы – құндылықтар жолынан тайып, ашық шовинизм мен империялистік пиғылға кетті. Алдымен Ресей посткеңестік егемен елдерді бағындырып, КСРО-Ресей империясына айналдыру. Бұл мақсатпен Ресей Украинаға ауыз салып, Ресей Қырымды Украинадан тартып алды да, Шығыс Украинада ланкестік жасауда.
Аталған алғышарттар Ресейде нарықшылдар (Кудрин, Набиуллина ) мен нарықсыздар командасы (Катасонов, Делягин, Глазьев) арасында күрес күшейіп келеді. Путиннің саяси беделі төмендеп келеді, сондықтан ол биліктегі нарықшылдар (Кудрин, Набиуллина ) экономистер тобы биліктен тайып нарықсыздар командасы (Катасонов, Делягин, Глазьев) келуі мүмкін.
Путин билігінің бірнеше нәтижесі бар:
1. Ресейдің геосаяси ықпалы ықшамдалды. Ресей ықпалды «Сегіздікте» мүше емес. Ресей – «изгой» – шыққыншы мемлекет деп аталды. Ресейге экономикалық, финанстық, технологиялық санкциялар салынды.
2. Ресейде протестік потенциал күшейді. Протестік қозғалыстардың бас серкелерінің бірі – Алексей Навальный. Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал.
3. Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнім рейтингісінде әлемде 6-орыннан 13-орынға төмендеді. Бұл жағдай Ресейдің кембағал мемлекеттер қатарына қосты. Ресей АҚШ-тың рұқсатынсыз Европа құрлығының ортасында Украинадан жаугершілдік жолмен жерін Қырымды тартып алып, Донбас та гибридтік, диверсиялық соғыс жүргізгіп келеді.
Ресейге салынған санкциялар Ресей-Қазақстан экономикалық қатынастарының төмендеуіне әкеледі. Бұрын келісілген экономикалық келісімдердің де орындалуы екіталай. Біздің шалабілімді аналитиктер мен шалабілгір болжаушылар тағы да біздің экономиканы қара жерге отырғызды. Алғашқы АҚШ пен Европалық Одақ тарапынан Ресейге берілген санкциялар басталған тұста Ресеймен экономикалық жоспарларды доғару керек еді. Біздің орыстілді және орысшыл өкіметтің экономикалық сектор басшылары әлі Ресейден ат басын тартып, Евразиялық экономикалық Одақты іс жүзінде доғару керектігін түсіну керек. Диверсификация: АҚШ, Европалық Одақ, Қытай және Орта Азия мен алыс шет елдер біздің ендігі экономикалық партнерлік бағыттар.
Экономистердің ішінде Ресей жақын уақытта күйрейді дейтіндер көп. Егерде олар айтқандай Ресей күйресе – біздің күйіміз не болады? Ресей құрыса, ол қандай аурудан кетеді? Қазақстан Ресеймен жақын жүрді, оның ауруы бізге жұққан жоқ па? Егерде Ресейдің ауруы Қазақстанға жұқса, онда Ресей мен Қазақстан бір аурумен ауырғаны. Онда екі мемлекеттің зауалы бірдей. Құдай сақтасын!
Әзімбай Ғали
Пікір қалдыру