Жігіттерге сыр:
«Қыз алсаң – Шығыстан ал! Қалың малы аз деме. Аялай білсең – аруың, қадірін білмесең – бас ауруың! Жауласса – жықпай тынбайтын, достасса – жанын берер ұрпақ өсіресің».
«Қыз алсаң – Батыстан ал! Қалыңмалсыз деп қамықпа! Есесіне, ел шетін жаудан қорғайтын батыр ұрпақ тәрбиелейсің!
«Қыз алсаң – Оңтүстіктен ал! Қымбат деме. Көп қалыңмал – қазақы, епті, керемет ұрпаққа салған алғашқы инвестициям деп есепте. Сәл күтсең – қайтарымы 40 есе!».
«Қыз алсаң – Сарыарқадан ал! Ақандай сұрапыл, Жаяудай қызыл тіл, Балуан Шолақтай ұрпақ өсіресің!
«Қыз алсаң – Жетісудан ал! Сүйінбайдай сұңғыла, Бекболаттай батыр, Райымбектей ержүрек ұрпақ өнеді».
«Қыз алсаң – Солтүстіктен ал! Сәбиттей сезімтал, Ғабиттей ғаламат, Айғанымдай асыл ұрпақ өсіресің!»
«Қыз алсаң – қазақтан ал! Ары биік азамат, жүрегі жыр салтанат, ғұмыры ғажап махаббат ұрпақ өсіресің». Үйлен қазақ! Көбейе бер, қазақ!
Тоқтар Жақаш
Пікір қалдыру