Тайланд тұрғынын патшаға тіл тигізгені үшін 18 жылға бостандығынан айырды

/uploads/thumbnail/20170809161719801_small.jpg

Тайланд азаматын патшаға тіл тигізгені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Рейтерс-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 61 жастағы Тара есімді тайландтық 2015 жылы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына билікке, монархияға қарсы дөрекі сөздері бар видео жариялаған соң ұсталған болатын.

Бұл іс Бангкок әскери сотында қаралған болатын. Нәтижесінде Тара патшаға тіл тигізгені үшін 15 жылға, интернетті қылмыстық мақсатта пайдаланғаны үшін тағы 5 жылға жазаға тартылды. Жазаның екі жылын өтеген айыпталушының енді тағы 18 жылы қалған. Айыпталушы өз кінәсін мойындаған.

Айта кетейік, 2017 жылы тағы бір тайландтық корольдік отбасыға тіл тигізгені үшін 35 жылға сотталған. Қазіргі уақытта осындай айыппен 100 шақты адам сотталып, жазаларын өтеуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар