Елші: Грузия Қазақстанға $27 000 000 қарызын қайтарады

/uploads/thumbnail/20170809162832862_small.jpg

Қыркүйек айында Грузия елі Қазақстанға қарызын қайтара бастайды. Бұл жайында Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді, деп  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қыркүйек айының басында Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарызын төлеуін бастайды. Біз кезінде, осыдан шамамен 20 жыл бұрын грузиндерге 27,5 миллион доллар қаражат қарызға берген болатынбыз. Ол 90-жылдарда болған. Ол кезде біздің өзіміздің мемлекеттік қазынамыз босап тұрған болатын, алайда Грузия елі бұл қаржыны қатты қажет еткен», – деді Ермұхамет Ертісбаев ҚР СІМ брифингінде.

«Мен 2013 жылдың көктемінде Грузия еліне барғанымда, достықтың аты достық, алайда қарызды қайтару қажеттігін айтқанмын. Бұл мәселені қалай да болсын шешу қажет. Түрлі келіссөздер жүргізілді. Олар Париждік клуб жүйесі бойынша қарыздарын өтейтін болады, бұл жүйеде пайыздар өте төмен», – дейді елші.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар