КХДР соты өмірлік бас бостандығынан айырылған канадалық азаматты босатты

/uploads/thumbnail/20170809185628946_small.jpg

КХДР билігі канадалық шіркеу қызметшісін өмірлік бас бостандығынан айыру жазасынан босатты.

«Канада азаматы Рим Хен Су КХДР Орталық сотының шешімімен шартты түрде кепілдік бойынша босатылды. 2017 жылдың 9 тамызында айыпталушы адамгершілік мәселелері аясында қамаудан шығарылды»-деп хабарлайды ЦТАК агенттігіне сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шіркеу қызметкері мемлекетке қарсы қастандық ұйымдастыруға қатысты деген айыппен 2015 жылы еңбек лагерінде қамауға алынып, өмірлік бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар