Қазақстан елшісі Сербия президентімен кездесті

/uploads/thumbnail/20170809194658139_small.jpg

Белградта Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбақ Рүстемов Сербия президенті Александр Вучич және Сербия премьер-министрінің бірнші орынбасары Ивиц Дачич кездесу өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар Қазақстан-Сербия ынтымақтастығының келешегін, ішкі саяси және екі ел арасындағы әлеуметтік-экономикалық қалыптасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Сербия мен Балқан елдері аумағындағы сыртқы саяси жағдайлар да назардан тыс қалмады.

Қазақстандық дипломат Сербия басшылығына Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығайып келе жатқанын айтып, болашақтағы екі жақты сапарлар жайын да сөз етті. Сербия президентіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс хат табысталды.

Александр Вучич те Қазақстанға қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдасытырлғанына таң қалысын жасырмады. Өз сөзінде қазақстандық инвесторларды Сербия нарығына белсенді түрде енуге шақырып, сауда-экономикалық саласында өзлерінің әлеуетін пайдалануға дайын екендерін жеткізді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар