Қытайдағы жер сілкінісінен 60 мың адам эвакуацияланды

/uploads/thumbnail/20170810123347819_small.jpg

Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінісінен кейін тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Деректерге сүйенсек, Сычуань аймағындағы жер сілкінісі 7 баллға дейін жеткен. Салдарынан 19 адам қаза тапты. 247 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Билік басындағылар 60 мың адамды эвакуациялады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Евроньюз мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, әскерилер, өрт сөндірушілер, еріктілер жөнелтілді.

Айта кетсек, бір күн бұрын жер сілкінісі салдарынан көз жұмғандардың саны 13-ке жеткені хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар