Иракта аптап ыстық салдарынан демалыс жарияланды

/uploads/thumbnail/20170810192446606_small.jpg

Ирактың мемлекет басшысы Хайдер аль-Абади ауа температурасының 50 градусқа көтерілуі себепті бейсенбі күнді демалыс деп жариялады.   Бұл туралы IMN мәліметіне сүйеніп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті метеорологтардың айтуынша, бейсенбі күні Бағдадта ауа температурасы 50 градусқа жеткен.

Айта кетсек, былтырғы жылы аптап ыстық салдарынан елде 2 жұмыс күні демалыс деп жарияланған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар