Президент Дональд Трамп Ресейден американдық дипломаттарды қуғаны үшін Путинге алғысын білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Америка президентінің айтуынша, бұл қадам Америка Құрама Штаттарының өз шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Владимир Путин 755 АҚШ дипломаттарын Ресейден шығарып жіберуге шешім қабылдаған.
«Мен Путинге алғысымды айтқым келеді. Себебі біз шығындарды азайтуға тырысып жатқандықтан, Путиннің штат дипломаттарын қысқарту шешімі бізге тиімді болды. Бізге көп ақша үнемдеуге мүмкіндік береді»-деді Ақ үй басшысы.
Пікір қалдыру