Конго Демократиялық Республикасында шеруге шыққандар мен полиция қызметкері арасындағы қақтығыс салдарынан 27 адам қаза тапты. Оның ішінде 3 полиция қызметкері бар. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Конгоның қорғаныс күші Киншасада шеруге шыққандарға тойтарыс беру үшін бір топ адамға оқ жаудырған.
Қарулы қақтығыстардың көпшілігі Конгоның астанасында орын алған. Сонымен қатар көтерілісшілер ел президенті Джозеф Кабилыға қарсы шеруге шыққан және дүйсенбі күні абақтыға шабуыл жасаған.
Айта кетсек, біраз уақыт бұрын Конгода қастандық ұйымдастырушы абақтыға жарылғыш зат лақтырған. Нәтижесінде 2 адам көз жұмып, 20 қылмыскер қашып кеткен.