Францияда ұрылар Грузия елшісінің сөмкесін қолды етті

/uploads/thumbnail/20170814114613368_small.jpg

Францияда Грузия елшісінің сөмкесін ұрылар қолды етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Parisien мәліметіне сүйеніп.

Оқиға Париждің солтүстігіндегі Сен-Дени аймағында 13 тамыз күні орын алған. Белгісіз екі адам скутермен елшінің көлігінің жанына тоқтап, елші отырған көліктің әйнегін сындырып, сөмкесін ұрлап кеткен.

Деректерге сүйенсек, елші аталмыш оқиғадан зардап шекпеген. Ал елшінің сөмкесі бірнеше сағаттан кейін табылған.

Ал көпшілікке қылмыс жасаған қарақшылар көліктің елшіге тиесілі екенін білді ме, жоқ па  белгісіз.

Қатысты Мақалалар