Атырау облысында ауыл әкімі параны тезекпен алған

/uploads/thumbnail/20170815105636738_small.jpg

Атырау облысында ауыл әкімі параны тезекпен алды деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Атырау облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сотта анықталғандай, азамат И. Ақсай селолық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізіп, жер учаскесін алуға рұқсат құжаттарына қол қойдыру үшін Ақсай селолық округінің әкіміне жүгінген. Бірақ әкім оның жеке кәсіпкер екенін, жүк көлігімен тезек сатып, тасымалдайтынын біліп, өзінің егіндігіне 30 қап тезек әкеліп беруді сұраған. Содан кейін ғана құжаттарына қол қойып беруге уәде еткен.

Кәсіпкер селолық әкімнің айтқан шарттарын орындаған. Бірақ тағы да әкімнен қажет тиіс қосымша құжаттар алу керек болған. Ол үшін әкім одан тағы 50 қап тезек әкеліп беруді сұраған. Сөйтіп әкімге берілген параның көлемі ақшаға шаққанда 206 750 теңгені құраған.

Істі қарау барысында қала прокуроры мен сотталушы және оның қорғаушысының арасында кінәні мойындау түріндегі процестік келісім бекітілген.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Досқалиев параның 30 еселенген мөлшері, яғни 6 202 500 теңге айыппұлға тартылды. Ол өмірбақи мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылып, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленді.

Қатысты Мақалалар