Украина билігі украиндық "Южмаш" зауытында дайындалған зымыран қозғалтқышы солтүстік кореялық баллистикалық зымыранда қолданылуы мүмкін емес екенін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі New York Times-қа сілтеме жасап.
Айта кетейік, жақында АҚШ-тың құпия барлау қызметінің ақпаратына сүйене отырып британдық сараптау орталығы КХДР зымыран ұшыру бағдарламасы туралы айтқан. Онда Пхеньян "Южмаш" украиндық кәсіпорнында шығатын зымыранға арналған қозғалтқышты қара базардан сатып алынғаны туралы айтылады.
«Бұл ақпарат еш негізсіз. Ол – арандатушылық мазмұндағы ақпарат. Украина ешқашан зымыран қозғалтқыштарын Солтүстік Кореяға жеткізген емес», – деді Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов.
"Южмашта" да аталмыш айыптауларды жоққа шығарды. Кәсіпорын өкілдері тәуелсіздік алған жылдан бері зымыран мен оның қозғалтқыштарын жасауды тоқтатқанын айтады.