Қазақстанда осы жылы 2,4 мың шаршы шақырым жолды жөндеу жоспарда бар деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйеніп.
Қаржыландыру бір жылдың ішінде 60%-ға өсті. Ол 160,7 миллиард теңгені құрайды. Республикалық маңызы бар жолдарды көгалдандыруға 73,4 млрд. теңге бөлінеді. Облыстық және аудандағы жолдарды жөндеуге 71,1 млрд. теңге бөлінеді. Елді мекендердегі көшелерде толық және жартылай жөндеу жұмыстарын жүргізуге 8,6 млрд. теңге бөлінеді.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап авто жолдардың 44%-ы жақсы қалыпта сақталған. 41% – қанағаттанарлық, ал 15%-ы нашар жағдайда.
Ал облыстық және аудандық жолдардың тек 21%-ы ғана жақсы қалыпта. 44% – қанағаттанарлық, ал 35% – нашар жағдайда.