1 қыркүйекте 2,9 млн. астам оқушы мектепке барады

/uploads/thumbnail/20170810181301223_small.jpg

Болжамдық мәлімет бойынша бірінші сынып оқушыларының контингенті 380 мың оқушыны құрайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Серпін өткен жылмен салыстырғанда бірінші сынып оқушыларының саны артқанын көрсетеді (2016-2017 оқу жылы – 369 377 адам, 2015-2016 оқу жылы – 341 971 адам).

Жаңа оқу жылының басында күтілетін желі саны – 7100 мемлекеттік және 112 жеке мектеп. Өткен жылдармен салыстырғанда алғаш рет мектептер желісінің саны азайғаны байқалмайды ( 2016 ж. – 7100 бірлік, 2015 ж. – 7160 бірлік, 2014 жыл – 7222 бірлік).

7100 мемлекеттік мектепте сабақ төмендегідей жүргізілетін болады:

– бір ауысымда – 2110 мектеп(29,7%), онда 1 743 884 адам;

– екі ауысымда – 4863 мектеп (68,4%), онда – 1 093 292 адам;

– үш ауысымда – 127 мектеп (1,8%), онда 18 628 адам

(Алматы обл. – 53 бірлік, ОҚО – 23 бірлік, Ақтөбе обл. – 16 бірлік, Ақмола, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында 5 бірліктен, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды обл. – 4 бірліктен, Астана – 3 бірлік).

Мемлекеттік білім беру ұйымдары желісінің нормативіне сәйкес 33 мектеп жабылған (29 бастауыш, 3 негізгі және 1 орта).

Анықтамалық:

Ақмола облысы – 3 БМ, Ақтөбе – 6 БМ, БҚО – 3 БМ, Қарағанды – 5 БМ, Қостанай – 3 БМ, Павлодар – 2 БМ, СҚО – 10 БМ, Қостанай облысы – 2 НМ, Солтүстік Қазақстан облысы – 1 НМ, Павлодар облысы – 1 ОМ.

Ашылғаны – 33 мектеп (Алматы – 16 бірлік, Ақтөбе – 5 бірлік, Қарағанды – 5 бірлік, ОҚО – 6 бірлік, БҚО – 1 бірлік). 2017 жыл бойы, соның ішінде, 1 тамызда Жамбыл, Қарағанды облыстарында 1 мектептен және Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мектеп, жалпы 6 мектеп пайдалануға берілді.

2017 жылдың аяғына дейін 83 мектепті кіргізу жоспарланды. «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Білім беру инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша осы жылы Ұлттық қордан барлығы 80 млрд.теңге, оның ішінде:

– 2016 жылы басталған 53 мектептің құрылысына 26,5 млрд.теңге;

– 56 жаңа мектептің құрылысын бастауға 45,2 млрд.теңге;

– Алматы қаласының 17 мектебінде сейсмикалық күшейту жүргізуге 8 млрд.теңге бөлінген.

295 мектептің күрделі жөндеуді және 515 мектепте жөндеу қажеттілігін жоспарлау барысында 90 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді ( 220 мектепте күрделі жөндеу жүргізілмеген).

154 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде Павлодар облысында – 44 бірлік, Атырау облысында – 20 бірлік, Ақтөбе облысында – 18 бірлік, Алматы облысында – 16 бірлік, Жамбыл облысында – 14 бірлік, СҚО – 11 бірлік, ШҚО – 8 бірлік, Қостанай – 9 бірлік, Қарағанды – 6 бірлік, БҚО – 5 бірлік, Ақмола облысы – 3 бірлік.

3192 мектепте (73,4%) ағымдағы жөндеу жүргізілді. 4351 мектепте – ағымдағы, 4192 мектепте қажеттілік бойынша жөндеу жоспарланған. 635 мектептің ағымдағы жөндеуі аяқталмаған.

Батыс Қазақстан облысында – 155 бірлік, Ақмола облысында – 112 бірлік, Шығыс Қазақстан облысында – 107 бірлік, Павлодар облысында – 90 бірлік, Алматы облысында – 60 бірлік.

Оқу жылының басталуына дайындық актісін 3501 (49,3%) мектеп алды. 15 тамызға дейін жаңа оқу жылына дайындық актісін барлық мектеп алу керек. Оқу жылының басына дейін мектепке қабылдау комиссиясының жұмысы жалғасады.

Қатысты Мақалалар