ЭКСПО-2017 көрмесінің екі ай арасындағы нәтижелері

/uploads/thumbnail/20170815121303692_small.jpg

2017 жылғы 10 маусым 14 тамыз аралығында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 млн. құрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

Олардың ішінде келушілер саны ең көп 10 павильондар:

1

Африка Плазасы (22 ел)

659 452

2

Мысыр

608 733

3

Түркия

596 462

4

Әзірбайжан

568 654

5

Таиланд

566 711

6

Үндістан

557 480

7

Ресей

515 321

8

Өзбекстан

469 575

9

Жапония

461 772

10

Сауд Арабиясы Корольдігі

419 285

Көрменің 2 ай жұмысы аралығында халықаралық қатысушылармен 66 Ұлттық күн және 4 Мамандандырылған күндер ұйымдастырылды. 160-қа жуық тақырыптық іс-шаралар (конгрестер, конференциялар, форумдар, мастер-класстар). ЭКСПО-2017 көрмесіне 22 мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ 78 Сыртқы істер министрлері қатысқандығын атап өту қажет.

Аталған мерзім аралығында жалпы сомасы 131 767 992 теңгені құрайтын 84 495 дана лицензиялық өнімдер сатылды. Көрменің екі ай жұмыс аралығында 537,8 тонна өнімдер әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558, 7 мың келушілерге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 млн. теңгені құрады.

10 маусым 14 тамыз аралығында байланыс орталығына 44 242 адам жүгінді, оның ішінде 26261 қоңыраулар, басқа жүгінулер – 965. Ақпарат киоскілеріне жүгінген азаматтар саны – 17016. Логистикалық қызмет көрсетулерге келетін болсақ, екі ай ішінде халықаралық павильондарға 5298 тонна жүк жеткізілді.

Қазіргі кезде ЭКСПО қалашығында 5181 адамдар тұрады. Жалпы мерзім ішінде (2 ай) 15416 қонақтар орналастырылды.

Көрменің екі ай жұмыс мерзімі ішінде медициналық көмекке 4864 көрмеге келушілер жүгінді, олардың ішінде 49 адам ауруханаға жатқызылды. Жүгінудің негізгі себептері: аллергия, дене қызуының көтерілуі және қан айналым жүйесінің аурулары.

Екі ай ішінде 867 зат табылды, олардың ішінде 273 зат қайта қайтарылды, ал 594-і сақтауда.

2017 жылғы 9 маусым мен 10 тамыз аралығындағы БАҚ беттеріне шығарылған материалдардың жалпы саны 15 410 құрады. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесін әлеуметтік желілерде ескеру саны 687 209 құрады.

Операциялық кезеңнен бастап Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының желісі бойынша 1789 жағдай тіркелген, олардың ішінде 26 қылмыс. Олардың барлығы ұсақ ұрлықпен байланысты.

Құқық қорғау органдары профилактикалық және түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жалғастырылуда.

Қатысты Мақалалар