Жаңа оқу жылында 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді

/uploads/thumbnail/20170809103826677_small.jpg

Жаңартылған білім беру шеңберінде 1, 2, 5, 7 сыныптар бағалаудың критериалды жүйесіне көшеді. Жаңа бағалау жүйесі білім алушыларда бақылау, өзінің іс-әрекетін бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау және олардың себептерін жою қалыптастыруға ықпал етеді.

Жаңа оқу жылында:

– Бастауыш мектепте кезең-кезеңмен 5 күндік оқуға көшу және үй тапсырмасы көлемін қысқарту;

– Бастауыш білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты енгізу;

– Жоғары сыныптарда жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға дайындау.

Білім беру жүйесінің барлық сұрақтары дәстүрлі тамыз кеңестерінде талқыланатын болады. Жалпы білім беру жүйесі жаңа оқу жылына дайын. Кейбір мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу жоспарлануда.

Қатысты Мақалалар