Непалда тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны орын алды. Нәтижесінде 90-нан астам адам көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Непалдың ІІМ мәліметінше, тасқыннан 91 адам көз жұмып, 25 адам жараланды, тағы 35 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Үш мыңға жуық тұрғын үйлер қираған. 3,8 мың әлеуметтік маңызы бар нысандар зардап шеккен.
Құтқару-іздестіру жұмыстарына 27 мың адам жұмылдырылды.
Елде шелектеп жауған жаңбыр 11 тамыздан бері тоқтар емес.