«Денсаулықтың» пайдасы

/uploads/thumbnail/20170816103208381_small.jpg

Адамның саулығы - қоғамның байлығы. Осы орайда елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік  «Денсаулық» бағдарламасы енгізілген болатын.

 «Денсаулық» бағдарламасы - денсаулық сақтау саласына енгізілген «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасының заңды жалғасы іспеттес. Адамның өмір сүру ұзақтығын арттыруды мақсат тұтқан .бұл бағдарламаның нәтижесін өңір тұрғындары да көріп отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидің мәліметінше, 2017 жылдың жеті айында ана өлімі тіркелмеген. Жалпы өлім-жітім 6,5 %-ға, нәресте өлімі 6,3%–ға, қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім  6,2%-ға, туберкулезбен сырқаттанушылық 4,2 %-ға, туберкулезден өлім-жітім 12,5%-ға төмендеген. Денсаулық сақтау саласының биылғы облыстық бюджеті 15 594 379,0 мың теңгені құрап отыр. Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,6 млрд. теңге сомада қаражат (76 бірлік медициналық техника, 10 санитарлық аутокөлік, аудандық медицина ұйымдары үшін 636 бірлік компьютерлік техника т.б)  қарастырылған. Сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде өмірін сақтап қалу үшін қалалық жедел жәрдем станциясында 94, санитарлық авиацияда жеті  аутокөлік пен бір бірлік   «АН-2» санитарлық ұшағы  қызмет көрсетуде. Бригадалар диспетчерлік қызметпен және стационарлардың қабылдау бөлімдерімен скайп және IP-телефония арқылы байланыс орнатуға арналған планшеттермен жабдықталған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы тәулігіне 24 сағат бойы қызмет етеді. Орташа есеппен жедел жәрдем қызметіне тәулігіне шамамен 500 шақырту түседі екен. Соның ішінде 36%-ы, яғни 180-і балаларға шақыртулар. Барлық жедел жәрдем шақыртуларының 20%-ы қалалық емханалар жанындағы жедел көмектің деңгейінде атқарылып, жедел шақыртулар түгел қамтылады. Облыста травматология, кардиология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтердің 65-тен астам түрі көрсетілуде.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар