Елбасы «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасында білім беруді дамыту мәселелеріне байланысты бірқатар тапсырмалар берген болатын.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын (оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және т.б.) тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ЖАО-ның ақпараты бойынша 2017-2018 оқу жылында ыстық тамақтандыруды 6073 мектепте немесе мектептердің 87,2%-да (салыстыру үшін: 2016-2017 оқу ж.- 85,5%) 2 651 732 білім алушылар үшін немесе білім алушылардың 94,8%-на (салыстыру үшін: 2016-2017 оқу ж. 84,3%) ұйымдастыру жоспарлануда.
Тегін ыстық тамақтандыруды жекелеген санаттардың 248 685 білім алушыларын немесе білім алушылардың 100%-ын (салыстыру үшін: 2016-2017 оқу ж.- 100%) қамтамасыз ету жоспарлануда.
Барлығы жергілікті бюджеттердің есебінен тегін ыстық тамақтандырумен 463 026 мектеп оқушылары немесе 17,4% (салыстыру үшін: 2016-2017 оқу ж. 477 112 немесе 18%) және 8 636 бала, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардан шыққан балалар мен бастауыш сынып оқушылар тегін буфеттік тамақтандырумен қамтылды.
Қалған оқушылардың мектепте тамақтандырылуын жергілікті атқарушы органдар ата-аналар есебінен ұйымдастырады («Білім туралы» ҚРЗ 6-б.).
Республиканың 3 аймақтарында әкімдердің бастамасымен тегін ыстық тамақтандыру бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылды (Астана қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан облысы).
Айта кетейік, қазіргі кезде 2017 жылғы І жартыжылдыққа арналған Үкіметтің жоспарына сәйкес ЖАО бірлесе отырып, 1-сыныптардың оқушыларын тегін мектептік тамақтандырумен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. Алдын ала ұсынылған деректер бойынша осы тапсырманы орындау үшін 1-сыныптардың оқушыларын тегін мектептік тамақтандырумен болжамды қамтылуы 2019 жылға қарай 54%-дан астам немесе 216 756 баланы (2017-2018 оқу ж. – 34%, 2018-2019 оқу ж. – 50,5%) құрайды.
Пікір қалдыру