Сабыр қыл!

/uploads/thumbnail/20170816164429715_small.jpg

Сабыр қыл! 

Сасқаның жетеді, 

Сабырлық - сүйкімді етеді. 

Ақылға салсаң сен ақырын, 

Жылан да, дос болып кетеді.

Аңқау боп, 

Жүрмегін бұл шақта, 

Қулау бол! 

Өзіңді жұмсатпа. 

Кездескен, жолыққан - жандарға, 

Бола біл: қатты да, жұмсақ та,

Намысқа тиіссе - аяма, 

Қорқытса - қашпағын саяңа. 

Сүйетін, сүйікті - адамды, 

Қорғағын! 

Сүйе түс, аяла. 

Алданба! 

Алдап та жүрмегін, 

Мазақтап, 

Орынсыз күлмегін. 

Жалқаулық мінбесін мойныңа, 

Өтсін де, 

Еңбекпен, күндерің. 

Ренжісең, 

Түсірме көңілді, 

Тыныш жүр! 

Біліп жүр жөніңді. 

Қайтесің бекерге бүлдіріп, 

Бір-ақ рет көретін өмірді. 

Көмектес, 

Қарайлап шамаңа, 

Байлықты - бақыт деп санама! 

Тәубе де, 

Шүкір де, 

Риза бол! 

Қазіргі сәтіңді бағала! 

Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ

Қатысты Мақалалар