АҚШ-та әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 5 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі AP мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Әуедегі ұшақпен байланыс 16 маусым күні сағат 22.00-де үзілген.
АҚШ-тың жағағай күзетшілері мен әскерилер экипажы жоғалғандарды іздестіру үстінде. Олар Гавай аралдарында оқу-жаттығулары кезінде апатқа ұшыраған тікұшақты іздестіріп жатыр.
Іздестіру жұмыстарына 1 ұшақ пен екі тікұшақ, бірнеше қайық жұмылдырылған.