АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық соғыс немен аяқталады?

/uploads/thumbnail/20170818114849225_small.jpg

Жақында Дональд Трамптың стратегиялық  кеңесшісі Стивен Бэннон  АҚШ пен Қытай арасында экономикалық соғыстың жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Трамп АҚШ-тың сауда-саттық өкілі Роберт Лайтхайзерге Қытайдың американдық технологияларды ұрлау фактісі төңірегінде зерттеу жүргізуге тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Зерттеу нәтижелері аясында Вашингтон Қытайды жазаға тарту үшін Әлемдік сауда ұйымына жүгінбек.

Алайда АҚШ халықаралық ұйымның шешіміне қарамастан, Қытаймен арадағы сауда-саттық мәселесінде шектеулер қоюы мүмкін.

Ең алдымен,Америка  Қытай мен АҚШ арасындағы ҚХР-дан келетін импорт  тарифін көтереді. Осы орайда Бейжін билігі де талаптардың қаталдануы орын алатын болса қарап қалмайтынын жеткізді. Тіпті, ҚХР СІМ өкілі Хуа Чуньин  Вашингтонның мұндай әрекеттері екі ел арасындағы сауда соғысына әкелетінін мәлімдеген.

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда дефициті 2016 жылы 347 миллиард АҚШ долларды құраған. Трамп Қытайдан импортталатын тауарлардың көлемі экспортталатын тауарларға қарағанда едәуір көп екенін айтып, наразылығын білдірген.

«АҚШ-қа Қытаймен сауда-саттық көлемін шектеу Америка үшін осыдан біраз жыл бұрын өзекті болатын. Себебі сол уақытта ҚХР-дың экономикалық көрсеткіші енді-енді өсе бастаған. Ал қазіргі уақытта Қытай экономикасының интеграцияланып, әлемдік нарыққа, соның ішінде  американдық нарыққа  енгені соншалық, одан АҚШ бизнесіне зиян әкелмей бас тарту, шеттеу, қысқарту мүмкін емес»-дейді  аналитик  Дмитрий Абзалов.

Қытай тауарларына баж салығының көлемін ұлғайту арқылы қытайлық компанияларға ғана емес  Америка  өз компанияларына  зардап әкеледі.  Ал Қытайдың   «ауыр» саласының экономикасы еш зардап шекпейді. Мәселен, Қытайдың АҚШ-қа экспорттайтын болаттың көлемі жалпы экспорттың 3%-ға жетпейтін бөлігін құрайды.

Сауда соғысы нәтижесінде американдық бизнес Қытай нарығы өтімін жоғалтып алады. ҚХР-дың халық санының көптігі мен әлемдік нарықтағы рөлін, күннен-күнге өсіп, дамып келе жатқан тұтынушы нарығын есепке алғанда, бұл соғыста бір жақтың жеңіп шығуы екіталай. Екі мемлекет те жеңіліс табуы мүмкін дейді сарапшылар.

Қалай болғанда да, әлемдік экономиканың лидері рөлі мен атағын алу үшін бақталастық туралы мәселе болғандықтан, мұндай жағдайдың орын алу мүмкіндігі алдын-ала болжалғандығын есепке алғанда күрес нәтижесі зардапсыз болатынына сену қиын.

Қатысты Мақалалар