2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік» халыққа Жолдауын іске асыру аясында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселелері бойынша баспасөз мәжілісі өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәжілісі барысында Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің діни экстремизмнің алдын алудағы қызметі туралы баяндады.
Биылғы жылы Мемлекет басшысы 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымыдаманың негізгі мақсаты дін саласындағы мемлекеттік-конфессионалдық және конфессияаралық қатынастарды жетілдірудегі, мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайтудағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, дінді деструктивтік мақсатта қолдануға жол бермеу болып табылады.
Қазіргі уақытта министрлікпен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы әзірленді. Өзгерістер дінді деструктивтік мақсатта қолдануды және діни радикализм мен фанатизмді тежеуге, кәмелеттік жасқа толмағандарды заңсыз діни қызметке тартудағы жауаптылықты арттыруға, жат ағымдардың идеясының таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді.
Н.Ермекбаев Министрлік қызметінің басты бағыттарына тоқталды.
Бірінші бағыт мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту және сақтау, дінді саясиландырмай рухани және моралдық құндылықтарды нығайтуда ресми тіркелген діни бірлестіктерге қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді жұмысқа бағытталады.
Екінші бағыт деструктивтік діни ағымдар қызметіне идеологиялық тұрғыда қарсы тұру және оның дамуын тежеуге алғышарттар жасауға бағытталған қысқа мерзімді мазмұндағы шаралар.
Есептік кезеңде олардың қатысуымен 1 млн. адамды, оның ішінде 800 мың жастарды қамтыған 14 мың түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды.
Діни экстремизмнің алдын алу аясында елімізде жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде жастар арасында. Бұл жұмысты 1 республикалық және 249 аумақтық ақпараттық-түсіндіру тобы жүргізуде. Ақпараттық-түсіндіру тобында 3000-нан аса адам бар.
Ведомство экстремистік мазмұндағы материалдарды шектеу мақсатында интернет кеңістігін талдауды жалғастыруда. 2017 жылы Министрлік мамандарымен 3000 сайтқа тексеріс жүргізіліп, 1500 интернет-ресурс бұғатталды.
Бұдан бөлек, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша әкімдіктердің қызметінің тиімділігін бағалайтын әдістеме әзірленуде.
Министрдің сөзінше, аталған әдістемеге жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірқатар шаралар енгізілген. Олардың ішінде күмән тудыратын шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерді қайтаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, деструктивті діни ағымдарды ұстатындардың санын азайтуға қойылатын талаптар бар.
Алыстағы ауылдық округтер мен аудандарда әсіресе, теріс діни идеологиялардың әсері көп тиетін елді мекендерде жұмыс істеу үшін білікті имамдарды әзірлеу және материалдық жағдайы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Уақып» қайырымдылық корпоративтік қоры құрылды.
Министрлік Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен кең ауқымды мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас орнатқан. Мәселен, ДАҚМ және ҚМДБ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Келісім шеңберінде радикалды идеологиядан зардап шеккен бас бостандықтарынан айрылған азаматтарға қолдау таныту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда.
ҚМДБ-ны жаңғырту мәселесіне де айрықша ден қойылып отыр. Имамдарды қызметке тағайындау және аттестаттау, біліктіліктерін арттыру, іріктеу жүйесі реттеліп келеді. Жыл сайын ҚМДБ дін саласының қызметкерлерін тестілеу мен аттестаттаудан өткізеді. Қазіргі уақытта барлық имамдар аттестациялау мен біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.
Тұрақты негізде имамдардың біліктіліктерін арттыру мақсатында қысқа мерзімдегі арнайы курстар өткізіліп келеді. I жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, ҚМДБ жанындағы Ислам институтында 104 имам 2 айлық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Бұл ретте, «Нұр Мүбәрәк» Университеті жанындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша теологтарды дайындайтын институтта жалпы саны 20 имам 2 айлық курстарда оқып, білімдерін шыңдады.
ҚМДБ қаржылық бағыттағы қызметінің қолжетімділін қамтамасыз ету мақсатында оңтайлы жүйе қалыптастыруда. Мешіттерге қайырылымдық жасауға арналған терминалдар орнатылып жатыр. Аталған жүйе пилоттық режимде Алматы қаласында іске асуда. Мұнда терминалдар арқылы қайырымдылық жасау үшін қаржы аударылып, халық алдында ашықтық пен қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Нақтырақ айтқанда, терминалдарға түскен қаражат сомасы мешіттің сайтына орналастырылып отырылады.
Қазіргі таңда Министрлік және ҚМДБ-мен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында халал өндірісін іске асыру үшін бірегей стандарт дайындауда. «Халал» ұғымының беделін түсіруге жол бермеу мақсатында халал стандарттауды тек ет-сүт өнімдеріне ғана пайдалану ұсынылып отыр. Халал сертификатын беретін ұйымдар арасында бәсекелестік орта құрылған. Бұл қадам осы ортада монополияны болдырмауды көздейді. «HalalKazakhstan зонттық брендын дайындау мақсатында жұмыс тобы құрылады.
Қазақстандық азаматтардың қажылыққа шығуын ұйымдастырумен ҚМДБ айналысады. Сапалы және қауіпсіз қажылықты ұйымдастыру үшін Министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді. Ол үшін жыл сайын арнайы Қазахстанның Қажылық Міндеті құрылып, оған қажылық етушілер және медициналық қызметкерлермен жұмыс жасау үшін білікті мамандар кіреді.
Биылғы жылы алғаш рет казақстандық қажылыққа барушыларды тасымалдаумен «СКАТ» казақстандық әуекомпаниясы айналысады, Сауд Арабиясы жағынан «FLYNAS» компаниясы белгіленген.
Сонымен қатар, Министрлік ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен бірлесіп вакцина егу мәселесін шешті.