i-Latin нұсқасы
Басты ұстаным
1) Әліппе тек таза латын таңбалыранан құралу керек (Ӓ, Ӧ, Ğ сияқты түрік-әзірбайжан әліппесінде кездесетін диакритика қосылмау керек);
2) Қазақша Ә, Ө, Ғ сияқты төл дыбыстарды жоймастан, оларды да әліппеге енгізіп, оларға дербес орын беру керек;
3) Әліппе тек әріп таңбаларынан тұру керек, дәйекше (‘ - апостроф) сияқты арнайы таңбаларды қолданбау керек;
4) Әрқилы оқылу мүмкіндігіне (разночтение) жол берілмеу керек;
5) Қос таңбалы диграф әріпті мейлінше азайту керек;
6) Оқылуы мейлінше жеңіл әрі әдемі көріну керек.
Құрастыру
Жалпы Ә, Ө, Ү, І әріптерін көрсетудің 3 жолы бар:
1) жіңішкелік белгіні төбесіне қою (умлаут) - Ӓ, Ӧ, Ü, Ï
2) жіңішкелік белгіні құлағына қою (апостроф) – A`, O`, U`, I`
3) жіңішкелік белгіні қасына қою (диграф) – A+, O+, U+, I+
Бұл нұсқада жіңішкелік белгі ретінде "i" таңбасы алынды.
Түсініктемелер
1) Қазақ тілінде "a" әрпі мен "i" әрпі бірге келетін, яғни "аi" болып тіркесіп келетін сөз болмайды. Сол себепті "і" әрпін бұл жерде "жіңішкерту таңба" ретінде қолданып, бұл "ai" диграфымен "ә" дыбысын білгелесек болады, бұл әрқилы оқуға (разночтение) мүмкіндік туындатпайды. Сол сияқты "oi", "ui" болып тіркесіп келетін де сөз болмайды. Сол себепті ол диграфтармен "ө" және "ү" дыбыстарын белгілесек әрқилы оқуға жолықтырмайды.
2) Қазақ тілінде "ы" әрпі мен "і" әрпі көп жағдайда практика жүзінде дыбысталып оқылмайды немесе оқылуында еш айырмашылық байқалмайды. (С.Ерғали: "Қазақ тіліне флектив әліпби емес, үндестік әліпби керек" интервьюін оқыңыз.) Өйткені ол екеуі де сөз соңында келген жағдайда да екпінсіз оқылатын әріптер (безударные) ("болАды", "келЕді"). Тек сөз түбіріндегі бірінші буында ғана ("тыс", "тіс") айырмашылықты қажет ететін жағдай туындайды. Басқа жағдайдың бәрінде-делік еш айырмашылықты қажет етпейді немесе тіліміздің үндестік заңы арқылы қандай дыбыс оқылатыны оңай ажыратылып тұрады. Сондықтан екеуін де бір "і" таңбасымен таңбалауға болады. Мысалы "qasiq" ("қасық" – оқылуы "қАсқ"), "jemis" ("жеміс" – оқылуы "жЕмс"). Ал жіңішке "і" екенін анық көрсету керек болған жерлерде 1-түсініктемедегі ережеге сай "жіңішкерту таңбасын" жалғап "ii" диграфымен таңбалауға болады. Мысалы "is" (ыс), "iis" (іс), "tis" (тыс), "tiis" (тіс), "biilim" (білім), "tinis" (тыныс). Қазақ тілінде "ы" әрпі қосарланып "ыы" болып келетін сөз болмайтындықтан бұл ереже ешқандай әрқилы оқуға (разночтение) жолықтырмайды.
Үндестік заңы бойынша жіңішкелік белгі түбірсөздің тек алғашқы буынында ғана талап етіледі, кейінгі буындарда талап етілмейді, мысалы biilim – білім. Сондай-ақ жіңішкелік белгінің рөлін буын басындағы К/Г әріптері немесе кейінгі буындағы Е әріпі де атқара алады. Бұл кездерде арнайы жіңішкелік белгі қою талап етілмейді, мысалы: kim (кім), kun (күн), Sultandiki (Сұлтандыкі), suwret (сурет), kuwalik (куәлік), koriw (көру), alem (әлем), salem (сәлем), areket (әрекет), gul (гүл).
3) Қазақ тілінде "ң" дыбысы "ng" диграфы арқылы таңбаланғанда кейбір сөздер жаңа әліпбиде бірдей жазылып, дұрыс оқылмайды. Мысалы, "күнгі, күңі" дегендер екеуі де "kungі" болып бірдей жазылады. Бұдан әрқилы оқу туындайды. Сондықтан осындай қайшылықтарды болдырмас үшін келесі ережені қабылдау керек: Егер сөзде "н" дыбысынан кейін "г" дыбысы тіркесіп келсе, онда осы "н" дыбысы тілдің айтылу және естілу заңына сәйкес үнді "ң" дыбысына айналып жазылады. Мысалы, "күнгі" деген сөзді дыбысталуына сәйкес "күңгі" деп жазу керек, сонда "күнгі" және "күңі" сөздері латын әріптерімен әртүрліше жазылатын болады, яғни "күнгі" = "kunggi" және "күңі" = "kungi". Осылай әрқилы оқу жолы жабылады.
4) Қазақ тілінде "ғ" әрпі мен "һ" әрпі бірге келетін, яғни "ғһ" болып тіркесіп келетін сөз болмайды. Сол себепті бұл "gh" диграфымен "ғ" дыбысын білгелесек болады, бұл әрқилы оқуға (разночтение) мүмкіндік туындатпайды.
Ереже
"У" әріпі қазақ тілінде негізі дауыссыз дыбыс. Бірақ ол дауыссыз дыбыстан кейін келсе, дауыстыға айналып, ҰУ,ҮУ (ЫУ, ІУ) болып оқылады. Сондықтан дауысты У әріпі түбірсөздің алғашқы буынында UW, кейінгі буындарда (IU) түрінде жазылады. Мысалы: "suw" – су (сұу), "eliw" – елу (еліу), "quwaniw" – қуану (құуаныу), т.с.с.. Ал И мен Й керісінше. Ол екеуін бір Y таңбасына біріктіргендіктен, егер ол дауыссыз дыбыстан кейін келсе, дауыстыға айналып, "ІЙ" деп оқылады. Соның ішінде жіңішке И – Y, ал жуан И – IY болып таңбаланады ("тиін" – оқылуы "тійін" – жазылуы "tyin", "тиын" – оқылуы "тыйын" – жазылуы "tiyin"): "by"- би (бій), "ty"- ти (тій), "tyin"- тиін (тійін), "tiyin"- тиын (тыйын), "siyir" - сиыр (сыйыр), "yne" - "ине", "qiyanat" - қиянат (қыйанат), т.с.с.
Ескерілген жайттар:
1) Дәйекшені (‘ - апостроф) пайдаланудан бас тартылды. Әліппе тек әріптен тұру керек, мейлі қостаңбалы әріптен болса да. Дәйекшелі әріптен гөрі қостаңбалы әріп дұрыс. Өйткені ол, біріншіден, сөзді бөліп қайта жалғағандай ұсқынсыз сурет береді (sa'ndi - сәнді). Және екіншіден, кейде дәйекшені де қабылдамайтын жерлер болады. Мысалы сайттың аты (веб-адрес): a'lippe.kz домен болмайды. Домен аты дәйекшені қабылдамайды. Осы сияқты проблемаларға ұрынбас үшін әліппеміз тек әріптен ғана тұру керек. Және бір мысал: "сән.қз" деп сайт ашатын болсаңыз san.qz (сан.қз) деп ашу керек болады. Содан "сән" сөзі мен "сан" сөзі омонимдей болып кетуі мүмкін. Солай "ә", "ө", "і" сияқты төл дыбыстарына нұқсан келу қаупі бар.
2) "Жіңішкерту таңбасы" ретінде кей нұсқаларда "е" ұсынылуда (ә – ае, ө – ое, ү - ue). Бірақ ол әрқилы оқудың жолын толық жаба алмайды және "ә", "ө", "ү" әріптері мәтіндерде қосымша "е" арқылы жазылса оның суреті де шималы болып көрінеді. 4 және 6-шы ұстанымды ескере отырып, "жіңішкерту таңбасы" ретінде "і" алынды, өйткені бұның суреті де ықшамды, әрқилы оқудың да жолын толық жаба алады.
Клавиатурамен жазуға да ыңғайлы, өйткені "і" клавишасы "o" мен "u" клавишаларының ортасында, екеуіне де көршілес орналасқан, яғни "ү" немесе "ө" әріптерін жазғанда қолдың бір сермеуімен-ақ "ui" немесе "oi" қос таңбасын қос саусақпен бір-ақ басуға болады.
Қазақ тілінде "Ә", "Ү" және "Ө" әріптері сөздің тек 1-ші буынында ғана келеді, яғни мәтінде өте сирек кездеседі. Сондықтан бұлар үшін таза латын таңбасынан тысқары арнайы символ енгізбей-ақ, оларды диграфпен белгілей салсақ әлдеқайда ұтымды болады.
3) Кей нұсқаларда "ж" дыбысын "zh" диграфымен таңбалау ұсынылуда. Бірақ ол диграф санын көбейтеді және әрқилы оқу пайда болады. Бұл нұсқада, 5-ші және 6-шы ұстанымға сәйкес, "Ж" – "J" болып таңбаланды. Бұдан "Й" – "Y" болды, ал "Ы" және "І" – екінші түсініктемеге сүйене отырып бір "І" болып біріктірілді. Және "ы" әрпі қазақ тілінде өте көп кездесетіндіктен, оған "y" таңбасын гөрі "і" таңбасы берілсе, ықшамырақ әрі әдемірек көрінеді (мыс: "тынымды" – "tynymdy", "tinimdi"; "қырықмылтық" - "qyqryqmyltyq", "qiriqmiltiq").
4) Кей нұсқаларда "ш" дыбысын "sh" диграфымен таңбалау ұсынылуда. Бірақ ол диграф санын көбейтеді және әрқилы оқу пайда болады. 1929-1940 жж аралығындағы бұрынғы латын әліппемізде "С" таңбасымен "Ш" дыбысы таңбаланған. Және кейбір түркі елдерде "Ç" таңбасымен "Ч" дыбысы таңбаланады, соған сәйкестендіріліп бұл нұсқада "С" таңбасымен "Ш" дыбысы таңбаланды.
5) Көптеген түркі елдердің латын әліппесінде кириллицадағыдай "X" дыбысы "X" таңбасымен қала берді (өзбек, әзірбайжан). Соған сүйеніп бұл нұсқада да солай қалды. Ал "қаһарман", "гауһар", "әһлеу", "үһлеу", "жаһан" сөздерінде келетін кириллицадағы "һ" дыбысы жайында А.Байтұрсынов былай деген: "Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып едік. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетіні көрінеді ... Қазақ тілінде сақталуға аз да болса ақысы бар "һ", өйткені "һ" дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса, сөздер бар". Сол себептен "һ" дыбысын әліппеде қалдырып, оны үйреншікті "h" таңбасымен белгілеген дұрыс саналды.
6) "ғ" дыбысын "gh" диграфымен таңбалағанның мынадай ұтымды тұстары бар:
бұл дыбысты халық латынша бүгінгі күнге шейін солай таңбалап үйреніп қалған;
клавиатурамен де жазуға қиынға соқпайды, өйткені "g" клавишасы мен "h" көршілес орналасқан, яғни "ғ" әріпін жазғанда қолдың бір сермеуімен-ақ "gh" қос таңбасын қос саусақпен бір-ақ басуға болады;
тілде "гһ" болып тіркесіп келетін сөз болмайтындықтан "gh" диграфы әрқилы оқуға жолықтырмайды.
Қорытынды
А26-ның екі ұтымды тұсы бар және болуы ықтимал екі кемшін тұсы бар.
Оның екі ұтымды тұсы (сәйкесінше бұлар диакретикалық әліпбидің кемшін тұстары болып табылады):
1) әмбебаптығы – кезкелген құрылғыда қазақша жаза алатындығы,
2) глобалдығы – жердің кезкелген бұрышында қазақша жаза алатындығы.
Ал болуы ықтимал екі кемшін тұсы:
1) диграфтың себебінен сөздер тым ұзарып, шұбырыңқы, ұсқынсыз болуы ықтималы,
2) диграфтың себебінен сөздер әрқилы оқылып, шатастыруға жолықтыруы ықтималы.
Алайда бұл нұсқа осы екі, болуы ықтимал, кемшін тұсты жоя алғандай.
Сондықтан A26-мен шектелудің ешқандай пайдасы жоқ деп айтаға болмайды, оны елемей кету - орынды емес. Оның пайдасы мол, соған тоқтауға тырысу керек. Қайбір ел болмасын, олардың әліппелері компьютер дәуірі келмей тұрып құрылған. Ал біздерде осы дәуірді ескере отырып, жазбаларымыз кезкелген ортаға оңай сіңісті болатындай қып, 26 таңбамен құрып шығуға тамаша мүмкіндігіміз бар. Бұндай мүмкіндік кезкелген басқа елге туса, олар оны пайдаланып қалар еді. Осы мүмкіндікті бізге неге пайдаланып қалмасқа? Сондықтан, қазақ тілінің заңдылығын да қанағаттандыратын, әрі әмбебап, глобалды, 26 таңбадан шықпайтын, заманауи, әдемі, үйлесімді нұсқа істеп шығуға әрекет қылу керек. Ал тақа болмай, расымен де ондай нұсқа істеу мүлдем мүмкін емес болып, одан тілімізге нұқсан келетін болса, сонда ғана амалсыз жол ретінде ғана диакритикалық нұсқаға бет бұруға болады. Ат үстінде тұрып жайдан-жай диграфтан шошынудың қажеті жоқ. Диграфты сауатты түрде істейтін болсақ еш зияны тимейді. Оған ағылшын, неміс тілдері сияқты әлемдік тілдер мысал бола алады.
Кириллица – Latin
A – A
Ә – Ai
Б – B
В – V
Г – G
Ғ – Gh
Д – D
Е,Э – E
Ж – J
З – Z
И, Й – Y
І, Ы – I
К – K
Қ – Q
Л – L
М – M
Н – N
Ң – Ng
О – O
Ө – Oi
П – P
Р – R
С – S
Т – T
У дауыссызы – W
Ұ – U
Ү – Ui
Ф – F
Х – X
Һ – H
Ш – C
Ч – Ch
Әліппеге кірмейтін, бірақ қолданыста бар әріптер:
ц (т+с) – ts
У дауыстысы (түбірсөздің алғашқы буынында "ұ+у", кейінгі буындарда "ы+у") - UW (IW)
ё (й+о) - yo
ю (й+і+у) - yiw
я (й+а) – ya
Altin kun aspani,
Altin dain dalasi,
Erlikting dastani,
Elime qaraci!
Ejelden er degen,
Dangqimiz ciqti ghoy.
Namisin bermegen,
Qazaghim miqti ghoy!
Qayirmasi:
Mening elim, mening elim,
Guling bolip egilemin,
Jiring bolip togilemin, elim!
Tuwghan jerim mening – Qazaqstanim!
Urpaqqa jol acqan,
Keng baytaq jerim bar,
Biirligi jarasqan,
Tawelsiz elim bar,
Qarsi alghan waqitti,
Manggilik dosinday,
Biizding el baqitti,
Biizding el osinday!
Qaling elim, qazaghim, qayran jurtim,
Ustarasiz awzinga tuisti murting.
Jaqsi menen jamandi ayirmading,
Biiri qan, biiri may bop endi eki urting.
Bet bergende ciraying sonday jaqsi,
Qaydan ghana buzildi sartca sirting?
Uqpaysing oiz soizingnen basqa soizdi,
Awzimen oraq orghan ongkey qirting.
Oizimdiki dey almay oiz malingdi,
Kundiz kulking buzildi, tuinde - uyqing.
Korseqizar keledi baylawi joq,
Biir kun tirting etedi, biir kun – burting.
Bas-basina by bolghan ongkey qiyqim,
Mineky buzghan joq pa elding siyqin?
Oizderingdi tuzeler dey almaymin,
Oiz qolingnan ketken song endi oiz irqing.
Aghayin joq narseden eter burting,
Oning da alghan joq pa Quday qulqin?
Biirlik joq, bereke joq, cin peyil joq,
Sapirildi baylighing, baqqan jilqing.
Basta miy, qolda malgha talas qilghan,
Kuc sinasqan kundestik buzdi-aw cirqin.
Ongalmay boyda juirse osi qirting,
Air jerde-aq jazilmay ma, janim, tirqing?
Qay jeringnen kongilge quwat qildiq,
Qir artilmas bolghan song, minse qirqing?
Tiyanaqsiz, baylawsiz bayghus qilping,
Ne tuiser qur kulkiden jirting-jirting.
Ughindirar kisige kez kelgende,
Pic-pic demey qala ma ol da astirtin?
“On alti jasar chempion” uizindi. Berdibek Soqpaqbaev.
Uljan cecemiz segiz jasar balasi Muratpen ekewi cay iicip otir. Alasa donggelek stol, tizerley otirghan Muratting kokireginen keledi. Ol cayinan urttap jatip, qarsi aldinda otirghan cecesine kozining astimen qarap qoyadi.
- Iic, iic, - deydi cecesi, - toyip al, ciraghim.
Murat eki kese cay iicti de:
- Toydim, - dep orninan turdi.
Uljan cayin uzaq iicti. Ol kisining caydi uzaq iiciwi Muratti jaliqtirip jiberdi.
Cecesi airi qarap, aili cay iicip otir. Esik ol kisige biir qirin bolatin. Murat juirgen dibisin biildirmey, eptep basip, esikke bardi. Cecesi oni bayqaghan joq.
Muratting esikti biildirmey acqisi keldi. Eki kozi cecesinde bolip, iyighimen yterip korip edi, esik acila qoymadi. Odan gori qattiraq yterip qalghanda, esik ciyq etti de acilip ketti.
Uljan cecemiz jalt qaraghanda, zimirap jonelgen Muratting okcesin ghana korip qaldi. Esik tars etip qayta jabildi.
Murat jugirgen boyi Sadiqting uiyine keldi de oni tisqa ertip ciqti.
Құрастырған – Әділ ҒАНИ,
математик, бағдарламашы
Пікір қалдыру