Шымкент тұрғындарының саны 1 миллионға жақындады

/uploads/thumbnail/20170825152837471_small.jpg

Шымкент халқының саны жыл басынан бері 33 мың адамға артты. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы бүгінде мегаполис болуға дайындалуда. Қазір мұндағы тұрғындардың саны 950 мыңға жеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық статистика басқармасы мамандарының мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Оңтүстік Қазақстан облысынағы перзентханаларда жыл басынан бері 50 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашыпты. Дәрігерлердің айтуынша, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш екен. Әрбір бесінші қазақстандықтың ОҚО-да дүниеге келуі біз үшін үлкен мәртебе дейді олар.

«Бір жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 80-80,5 мың сәби дүниеге келеді. Бүгінгі күнге дейін туылған балалар саны 50,5 мыңнан асты. Халықтың әлеуметтік жағдайы түзеле бастады, олар бала сүйгісі келеді, ұрпақ көбейткісі келеді. Бұл өте жағымды процесс», - дейді Шымкент қалалық №2 перзентхананң бас дәрігері Эльмира Қожахметова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар