6 желтоқсан күні
«1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары»атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияда Қайдар Алдажұманов, Талас Омарбеков, Мәмбет Қойгелдиев Әзімбай Ғали сынды ғалымдармен қатар жазушы Смағұл Елубай, Бейбіт Қойшыбай бастаған ұлт жанашырлары баяндама жасайды деп күтілуде.
Ұйымдастырушылар:Қазақстан тарихшылар қауымдастығы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР Мемлекеттік орталық мұрағат «Абай-ақпарат» қазақ интернетін дамыту қоры «Алаш жолы» қоғамдық қоры Қазақстанның «Әділет» тарихи ағарту қоғамы
Өтетін орны: Алматы қаласы Абай даңғылы 39 (Бәйсейітова көшесінің қиылысы) ҚР Мемлекеттік орталық мұрағатының мәжіліс залы
Басталуы: сағ. 9.30 Тел. 334-20-68, 8-701-447-58-94
Пікір қалдыру