Ахмет Байтұрсын салған жолмен үтірді азайта аламыз

/uploads/thumbnail/20171010144941957_small.jpg

Латынның 26 таңбасын ғана қолданудың бір артықшылығы қазақшаны техниканың кез келген жерінде  жазу мүмкіндігін береді. Тек 26 әріпті қолдансақ дәйекше апостроф қолданумен бірге қосарланған әріптерді де лайығында қолданған жөнбе екен, ағылшындарда соның арқасында 40 тан аса дыбысты 26 әріппен өрнектейді. Латын жазуын қолданамыз десек, бізде мұны айналып өте алмаймыз. Ахмет Байтұрсын жасаған әліпбиде үндес әріптерге «жіңішкерту»  белгісін  қолданған. Қазіргі жаңа нұсқадағы « ‘» белгісі соны еске салады. Ол жағы құптарлық, бірақ оның компьютерлік  программалауда  команда кодымен алмасып техникалық қиындық тудырмау жағын ескеру керек. Ол мәселе тудырмаса, онда бұл белгіні қолдану орынды. Алайда мұны сөздің барлық жерінде әріп түрлендіргіш  ретінде қолдану жазуға оқуға және жазу көркінеде кері әсер етеді.

Бұл белгіні аз қолданудың жолын  тағы  ғалым Ахмет Байтұрсын көрсетіп кеткен. «Дәйекше» белгісін әріп өзгертуші емес, сәйкес жуан дауысты дыбысты жіңішке дауысты дыбысқа өзгерту үшін қолданған. Қазіргі жобада бұл апостроф жіңішкертуші әрі әріп өзгертуші болып  қолданылған. Өзгерген дыбыстардағы үндестік жақындық ескерілмеген деуге болады. Үндестік қағидасы бойынша жіңішкерту белгісінен кейін «О» дыбысы жіңішкерсе «Ө» болса, «Ы» дыбысы жіңішкеріп «І» болып дабысталады. Ол қазақ тілінің өзіндік дыбыс үндестік заңдылығымен дыбыстық жақындығына сай келеді. Ахмет Байтұрсын сол негізде жазу қағидаларының негізгі ережелерінде жасап кеткен. Мысалы: сөз жіңішке дауысты дыбыстан басталса ол сөзде жуан дауысты дыбыс  айтылмайды .кейінгі дауысты дыбыстар үндесіп жіңішкеріп айтылады. «‘»  белгісі әріп өзгерткіш емес тек жіңішкерту белгісі болып қана қолданыс табуы дұрыс.

Мысалы:   Інісінің ісі  ( Інысының емес )  жазылу інысының болсада оқылу інісінің.  

«И»  дыбысын қосарланған әріп ретінде беру қолайсыз себебі ол көп қолданылатын  дыбыс. Айналайн аяулым  - Ai’nalai’n ai’ay’lym

 Үндестік заңына сай былай жазуға болады :  Aynalayin ayawlim    қайсы жазу көзге ықшам ұғынықты көрінеді ?

 Іңкәр   (Іңкар  емес)  жазуда  Іңкар болсада оқылу  Іңкәр.

 Жіңішке ( жіңышке емес)   жазуда  жіңышке  оқылуда жіңішке

Екінші жағдай:

    Сөз құрамында  К , Г  , Е дыбыстары болғанда сөзге жіңішкерту белгісі қойылмайды.

      Мысалы :  Көк ( Кок болып ешқашан айтылмайды)    Көбелек- kobelek. «О» дыбысы «К» ға үндесіп жіңішкеріп «Ө» дыбысына айналып оқылады. «О» болып оқылуы қазақ тілінің дыбыс үндестігіне жат.

Гүл (Гұл  емес)  Гұл болып жазылсада Гүл болып оқылады.

Күндіз  -Ku’ndiz  ;  Kundiz. Күрек ешқашан кұрек болып оқылмайды. Сондықтан  Kurek деп жазу оқумен жазуда қиындық тудырмайды.

    Жоғарыдағы  Байтұрсынов жасаған ережені қолдансақ көптеген үтірді жазып отырмай  сәйкес ережемен қалтырып кету, оқумен жазуды жеңілдетеді. Жазу көркіде дұрысталады. Компьютерде жазуғада жеңіл, оқуда дыбыс үндестік заңы сақталады.

Басқада бір қанша әріптерді таңбалауда үтірден айрылған әріптерді төмендегідей таңбаласақ.

     Ғ  дыбысына   G  алсақ  себебі бұл жоғары жиілікті қолданылатын дыбыс, оны қосарлағаннан жеке әріп ету ұтымдырақ.    Ал   оның еншісіндегі  Г  дыбысын  C  берсек латынша К болыпта дыбысталатын бұл әріп көрінісі жағынан  G ге де жақын. Әрі бұдан

N , G әрпі қатарласқанда Ң дыбысының оқылу қиындығы мәселесін шешеді. Мысалы Тангенс – Tangens.

Гүл-Сul   .   Ғылым –Gilim

 

«Ы» дыбысын  «Y» емес «I» таңбасын қолдануды ұсынамын. Себебі,  «Ы» Қазақтілінде ең жиі қолданылатын әріптің бірі , ол ықшам жинақы болмаса жазудың көркімен оқуғада қолайсыздық әкеледі.

Мысалы:   Тығыздығының      Tigizdigining   , Tygyzdygynyn’            Ырыздығы      Irizdigi,    Yryzdyg’y.

Қараңыз қайсы таңбалану ықшам ретті көрінеді.

«Й» дыбысына  «Y» дыбысын қолдану оңтайлы себебі ол «Ы» дыбысына қарағанда салыстырмалы аздау қолданыста  латын тіліндеде «Й» дыбысына сәйкес келеді.

Абай -  Abay    , Айна   -  Ayna .   

Ш дыбысы X   .  Шашу  -  Xaxw

Қосарланған әріптердіде орынды пайдалануға болады, ағылшындарда 26 әріптен 40 тан аса дыбысталуды әртүрлі жолдар арқылы жүзеге асырады.

Ч-  Ch  бұлай қолдану халықаралық қолданыста бар нұсқа. Бұл кірме дыбыс сирек қолданыста болғандықтан қосарлау көп қиындық тудыра қоймайды.

«Ң» дыбысы ng қосарланған әріппен таңбаласақ бұл тіпті латын тіліндеде қолданылатын жәйт.

 Мысалы   Кеңею-  Ken’ei’y’     ,  Kengeyw

У  -W   , бұл әріпті тастап кетудің жөні жоқ латынша дыбысталуыда У ға сәйкес келеді.

Қазақ елі қазақстан жасасын.

Qazaq eli Qazaqstan jasasin.

Hazah eli Hazastan jasasin.  

 Қ ның қай нұсқасы ұнасымды, өзге халықтарда ұлтымызбен ел атын дұрыс атауына жақын деп ойлайсыз?

Я, құрметті оқырман көпшілік латын жобасымен әріп үлгісіне  арналған бұл ұсынысқа сіз не айтасыз?...

I’a’ , qurmetti oqyrman ko’ps’ilik latyn jobasy men a’rip u’lgisine arnalg’an bul usynysqa siz ne ai’tasyz ?...

 Ya’ , qurmetti oqirman kopxilik latin jobasi men A’rip u’lgisine arnalgan bul usinisqa si’z ne aytasiz ?...

Әліпби нұсқасы

1

A a

А

17

  NG 

Ң

2

A’    a’

Ә

18

O o

О

3

B b

Б

19

O’ o’

Ө

4

D d

Д

20

P p

П

5

E   e

Е

21

Q q

Қ

6

F f

Ф

22

R r

Р

7

C  c

Г

23

S s

С

8

G  g

Ғ

24

Ш

9

H h

Х

25

Ch

Ч

10

I’  i'

І

26

Tt

Т

11

Y y

И, Й

27

U u

Ұ

12

J j

Ж

28

U’   u’

Ү

13

K k

К

29

V v

В

14

L l

Л

30

I i

Ы

15

M m

М

31

W w

У

16

N n

Н

32

Z z

З

 

2 нұсқа

1

A a

А

17

  NG 

Ң

2

‘A    ‘a

Ә

18

O o

О

3

B b

Б

19

‘O ‘o

Ө

4

D d

Д

20

P p

П

5

E   e

Е

21

H h

Қ

6

F f

Ф

22

R r

Р

7

G g

Г

23

S s

С

8

Q q

Ғ

24

X x

Ш

9

KH  kh

Х

25

Ch

Ч

10

‘I  ‘i

І

26

Tt

Т

11

Y y

И, Й

27

U u

Ұ

12

J j

Ж

28

‘U   ‘u

Ү

13

K k

К

29

V v

В

14

L l

Л

30

I i

Ы

15

M m

М

31

W w

У

16

N n

Н

32

Z z

З

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар