Британдық кәсіпкер ұшатын костюмның жылдамдығы бойынша рекорд жаңартты

/uploads/thumbnail/20171109151136944_small.jpg

Британдық инженер әрі кәсіпкер Ричард Браунинг өзі құрастырған ұшатын костюмнің жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд жаңартты. Бұл туралы Гиннесстер кітабының сайтында хабарланған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Браунинг үшінші әрекетінде сағатына 51,53 шақырым жылдамдықты өткерді, кейінгі әрекетінде суға құлап түсті. Алайда суға құлағаны рекорд орнатуына бөгет келтірмеді, Браунингтің жетістігі бекітілді.

Ұшатын костюм алты кіші газдық реактивті қозғалтқыштармен (22 келі күшпен тартылған), олардың жұмыс параметрлерін көрсететін көзілдіріктермен және жүкті тарататын жеңіл экзоскелетпен жабдықталған.

Қатысты Мақалалар