Путин мен Трамптың қашан кездесетіні белгілі болды

/uploads/thumbnail/20171109152755945_small.jpg

Ресей президенті мен АҚШ президентінің қай күні кездесетіні белгілі болды. Бұл жайында Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости мәліметіне сүйеніп.

Юрий Ушаков дәл қазір оңтайлы шешімдер қабылдайтын  уақыт деп мәлімдеді.

Екі елдің басшылары Вьетнамда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының саммитінде 10-11 қарашада кездесетінін мәлімделді. Ушаковтың айтуынша, саммит кезінде Путин мен Трамп арасында маңызды кездесу болады.

Путиннің көмекшісі екіжақты кездесудің жекелей өтетініне сенім білдіріп отыр. Себебі арада талқылайтын мәселелер бар деп мәлімдеді. Нақтылай келе, әңгіме екі елге (Ресей мен АҚШ) қатысты және одан бөлек әлемдегі басты мәселелер талқыланбақ. Олардың қатарында КХРД мен Сириядағы жағдайды атап өтті.

Осы тұста Трамптың көмекшісі Рекс Тиллерсон «екі ел арасында талылайтын мәселе бар болса», кездесудің болатынын мәлімдеді.

Біраз уақыт бұрын АҚШ көшбасшысы Ресеймен арадағы келіссөздің маңызды екенін мәлімдеген болатын.

Ресейліктер бүгінгі таңда АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасын «төмен дәрежеде» деп бағалап отыр. 

Айта кетсек, Трамп Қытайға іс-сапармен барды. Іс-сапар барысындаамерикалық және қытайлық компаниялар  құны 9 миллиард доллар болатын келісімге қол қойды. Сонымен қатар, екі ел құны 280 миллиард доллар болатын келісімге келетіні жайынды хабарланды

Қатысты Мақалалар