БҚО тұрғыны Сириядағы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін сотталды

/uploads/thumbnail/20171110092002933_small.jpg

БҚО-да  Орал қаласының соты  Жанат Арстановқа қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Казинформ.

Сириядағы әскери әрекеттерге қатысты деген айыппен оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Мәліметтерге қарағанда, ол  2013 жылы радикалды бағытты ұстана отырып, соғыс қимылдарына қатысу ниетімен Сирияға аттанған. Сонымен бірге, интернет арқылы отандастарын  осы террористік топқа қосылуға шақырып, ислам дінін ұстанбаушыларға қатысты өзінің негативті пікірін ашық білдірген. Осыған байланысты, оны ҚР ҚК бойынша экстермистік жолдарға адамдарды тарту, терроризмді БАҚ арқылы насихаттау, террористік топтар әскери қимылдарына қатысу қылмыстарына қатысты 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Қатысты Мақалалар