«Уральская неделя» газетінің редакциясына видео келген. Онда полиция қызметкерінің елдің көзінше ер адамға жұдырық жұмсағанын көруге болады. Видеоны жібергендің айтуынша, оқиға Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауылында болған.
Бастапқы кезде полицей ер адамды балағаттайды, одан кейін оны соққыға жығады.
Аталмыш газет полицейдің қандай лауазымда екенін және неліктен адамдарға қол жұмсайтынын білу мақсатында видеоны ресми сауал ретінде БҚО ІІД-ге жіберді.