Бекболат Тілеухан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздің Бас Прокуроры Жақып Асанов жайлы өз пікірін жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Шешендік құр әдемі сөйлеу деп білу түбегейлі қате! Олай болса, асабадан шешен ешкім жоқ
Шешендік - ойыңды анық, ұғынықты, әсерлі жеткізу. Мысалыңның діттегеніңе қызмет етуі. Айтарыңды айқын, егжей-тегжейлі білуің.
Ендеше, ҚР Бас Прокуроры нағыз шешен. Меніңше, ең шешен қызметкер! Әмбе екі тілге бірдей. (Көбімізге арман өте қызығарлық қабілет)
Оған ведомостволық мүддеден мемлекет мүддесін жоғары қоя білетін азаматтығын қоссаң жүдә жадырамақпыз.
Осы жерде әбден жауыр болғанда да тапталып, сүйкімі азайған мына сөзді қолдануға мәжбүрмін. "ОСЫНДАЙ АЗАМАТТАР КӨП БОЛСА ЕКЕН!", деп жазды Б.Тілеухан.
Пікір қалдыру