Иран билігі зілзаладан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін 70 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Оның 165 миллионы Керманшах провинциясындағы қираған нысандарды қалпына келтіруге жұмсалады. Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан Иран аумағында 474 адам қаза тапты. Тағы 9 мыңнан астамы жараланған.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, зілзаладан бір ғана Керманшах провинциясына 500 миллион доллар көлемінде шығын келген.
Аймақ басшысының айтуынша, жер сілкінісінен 40 мыңдай үйдің қабырғасы сөгілді. Қазір мұндағы тұрғындар ауыз су мен электр жарығынан ажыратылған.
Пікір қалдыру