Мұсылмандар сиыр етін жегені үшін азапталып жатыр

/uploads/thumbnail/20171117183538320_small.png

Сиырдың етін жеген мұсылманды Үндістанның жергілікті тұрғындары өлтірді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Полиция қызметкері Альвар штатындағы Раджастхан аймағынан 35 жастағы Омар Ханның мәйітін тапқан. Полиция қызметкерінің айтуы бойынша, 2 күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жергілікті тұрғындар сиырды қорғау үшін мұсылманды өлтіргені белгілі болды», — деп мәлімдеді полиция қызметкері. Ал қайтыс болған адамның әйелі күйеуін қамауға алынған күдіктілердің  өлтіргеніне сенімді болып отыр.

Жергілікті тұрғындар мұсылмандардың сиыр етін жеуіне қарсы болып, оны өлтірген. Айта кететін болсақ, үндістандық тұрғындардың көбісі сиырды Құдайындай көреді. Соңғы кезде Үндістанда оы жайтқа ұқсас сұмдық оқиғалар жиі орын алуда. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар